Ерейментау ауданында бос жатқан 15 мың га жер мемлекетке қайтарылды
Ерейментау ауданында үш жылдан астам уақыт пайдаланылмай жатқан жер телімдері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды 24kz.
Мүліктің жалпы құны 150 млн теңге, ал ауданы 15 мың гектар. Сондай-ақ, аудан прокуратурасының бастамасымен жалпы кадастрлық құны 408 млн теңге, ауданы 59,2 мың гектар болатын 8 жер телімін алып қою бойынша азаматтық істер сотта қаралып жатыр.