Абай облысында патриоттар форумы өтті

Абай облысында бірінші облыстық «Егемен ел ертеңі - жас сарбаз» патриоттар форумы өтті.

Облыстағы білім беру ұйымдарында 234 әскери-патриоттық клуб жұмыс істейді. 33 мектепте  59 «Жас сарбаз» сыныбы бар. Форум аясында әскери-патриоттық  жастар жиыны қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды. 

Әсем Нүскенова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Патриоттық сезімді тек әскери формамен ұштастырмай. Еліне деген жеріне деген кіші отанына деген сүйіспеншілікті көрсету мақсатында. Ол бір тәртіптің көрсеткіші ретінде...Біздің балаларымыз Жас сарбазы сыныптарына өздері белсенді қатысып, сыныптарға көшеді.

Асқарбек Көшербаев Абай атындағы орта мектептің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі:

- Бұл форумның бізге әсері өте көп. Оқушыларымыз жетісітікке жеткен шәкірттеріміз марапатталып жатыр. Болашақта міне әскер қатарына баруға осы форумның, облыстық жарыстарымызыдың барлығы әсер етеді.