Атырауда 27 көпқабатты үй күрделі жөндеуден өтіп жатыр
Атырауда көпқабатты 27 үй күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Шатыры ауыстырылып, жертөлесі мен кіреберісі жөнделеді. Одан бөлек, 9 үйдің жеделсатысы жаңартылады. Бұл жұмыстар «Нұрлы жер-2025» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр.
Жөндеу жұмысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Қазір облыс орталағындағы мыңнан астам көпқабатты үйдің 867-сін пәтер иелері кооперативі күтіп ұстайды. «Жөндеу жұмыстарының сапалы болуын тұрғындардың өздері бақылайды», – дейді жауаптылар. Келесі жылы 60 үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарда бар.
Эльдар Қариполлаев, қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы:
- Мысалы, салынған лифт 1 тонна «нагрузкаға» шыдайтын болса, біз өзіміз барып, 1 тонна «нагрузка» жасап, әрбір қабатқа тоқталып, солай сынақ жасаймыз. Айта кетейік, мына жерде қабылдау жұмыстары ең бірінші тұрғындардың өздерінің тараптарынан болады. Содан кейін тұрғындар қанағаттанса, аталған жұмыстарға, содан кейін барып екінші кезекте біздің мекеме қабылдайды.