Түркістан облысында ₸203 млн субсидия қаржысы жымқырылды

Түркістан облысында мал шаруашылығын дамытуға бөлінген 200 миллион теңгеден астам ақшаны жымқырған күдікті анықталды, деп хабарлайды 24KZ. Ол үш жыл бойы 20 тұлғаның электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, жалған мәліметтерді көрсеткен. Сөйтіп, иелігінде болмаған ірі қара малдарға мемлекеттен субсидия алып отырған.

Облыстық прокуратура осындай схеманы анықтап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді. Қазір күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды.