Шылым тартқандар 104 миллион теңге айыппұл арқалады

Темекі тартқандар 104 миллион теңге айыппұл төлейді.

Елордада қоғамдық орындарда 13 мыңнан аса адамның шылым шеккені анықталды. 

Қ: Бұл жыл басынан бергі 8 айдың көрсеткіші. Мұндай жайттар әсіресе дәмханаларда, қорқор тартатын орындарда болған. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметінше, елде жыл сайын  5 мыңнан аса адам өкпенің қатерлі ісігіне шалдығады. Бұл дертке 90 пайызға дейін шылым шегу себеп. Айта кетейік, егер адам белгіленбеген орындарда темекі тартса 55 мың 380 теңге айыппұл төлейді.