Халықтың бестен бір бөлігі темекі тартады – Статистика

Елдегі ер азаматтардың 39,8, ал әйел затының 7,6 пайызы шылым шегеді.

Бас-аяғы халықтың 20,7 пайызы түтінді тауар түрлерін тұтынады. Бұл жайлы ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.  

Сондай-ақ былтыр елде темекі мен папирос өндірісі 4 пайызға артты. Яғни 2023 жылы өнімнің 18,1 млрд данасы шығарылған. Қазақстандық зауыттар сұраныстың 48,5 пайызын қамтамасыз етсе, қалған 51,5 пайызы импортқа тиесілі. Айта кетейік, былтыр темекенің бағасы 18,8 пайызға қымбаттаған болатын.

Халықтың бестен бірі темекі шегеді

ЕРЛЕР - 39,8%

ӘЙЕЛДЕР - 7,6% 

Былтыр темекі және папирос өндірісі 4 пайызға өскен

2023 жылы - 18,1 млрд дана темекі өндірілді

импортқа тәуелділік - 51,5 пайыз