Балқаш ауданында 6130 га жерге қара сексеуіл тұқымы егіледі
Алматы облысының Балқаш ауданында сексеуіл тұқымын жинау жұмыстары қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды 24KZ. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған іс-шараға облыс, аудан көлеміндегі мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен волонтерлер жұмылдырылды.
Алдын ала белгіленген жоспар бойынша олар Балқаш ауданының аумағынан биыл 30 650 келі сексеуіл тұқымын жинауы тиіс. Кешенді жоспарға сәйкес 2024 жылдың соңына дейін Бақанас орман шаруашылығы мемлекеттік орман қорының 6130 гектар жеріне қара сексеуіл тұқымы себіледі. «2015 жылы сексеуілді отын ретінде пайдалануға мараторий жарияланды. Содан бергі уақытта орман қоры айтарлықтай молайды», – дейді мамандар. Бұған ауданға табиғи газ құбыры тартылуы да оң әсер етті.
Зияда Сариева, Бақанас орман шаруашылығының бас инженері:
- Жер жыртылып, дайындалған жерлерге егу жұмыстары уже басталып кетті. Қазіргі кезде 440 га жерде егіс жұмысы бүгінгі күнде жүргізілді. Жоспар бойынша 30 650 келі тұқым дайындалуы керек. Қазіргі күнге 18 мың келі тұқым дайын. Жердің құнарлылығын арттырып, осы құмды ұстап тұру мақсатында егіліп жатыр. Негізі біздің Балқаш ауданының жерінде табиғи да өсіп шығады.