Шымкенттегі мектепте баламалы энергия көзі қолданылады

Шымкентте мемлекеттік мектептердің бірі баламалы энергия көзін қолдана бастады, деп хабарлайды 24kz.

Пилоттық жобаны жүзеге асыру үшін үш жақты меморандум түзіліп, №65 мектеп-гимназиясына күн электр стансасы орнатылды. Қазір білім ұясының шатырындағы 92 панель толық іске қосылды. Олардан сағатына 50 киловатт энергия өндіріліп, электрге жұмсалатын шығынды 25%-ке дейін азайтуға мүмкіндік туды. Мектеп директорының айтуынша, демеушілер тарапы стансаның қауіпсіздік жүйесі мен анықталған ақауларды жөндеу мәселесін өз жауапкершілігіне алған. Айта кетейік, пилоттық жоба сәтті жүзеге асса өзге де білім беру мекемелеріне енгізілетін болады.

Алмас Қайыпов, Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының директоры:

- Қазір құрылғының бәрі толық іске қосылды. Бұның бірінші артықшылығы – біздің мемлекеттік қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді. Екіншіден, біздің оқушыларымыздың арасында электр энергиясын үнемдеу мәдениетін қалыптастырады.