Депутат: Қарағандыдағы жағдай барлық әкімге сабақ болуы керек
«Саран қаласының жылу жүйесіндегі проблемалар Президент назарында. Өңір халқының тұрақты жылумен қамтылуы қатаң бақылауда. Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа сөгіс жариялағы белгілі. Осы орайда Қарағандыдағы жағдай барлық әкімге сабақ болуы керек», - дейді сенатор Геннадий Шиповских.
Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Бүгінгі Қарағанды облысына берілген қатаң сөгіс бұл тек қана Қарағанды облысына ғана емес, мен ойлаймын, басқа да облыс әкімдері мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне де үлкен сигнал. Өйткені Мемлекет басшысы үнемі барлық дүниесін өз бақылауында ұстайды. Сондықтан да әрі қарай басқа әкімдер осыдан сабақ алуы тиіс.