Азаматтар әскерге жарамсыздығын жыл сайын дәлелдемеуіне болады

Биыл 400 мыңға жуық азамат автоматты түрде әскерден босатылған.

Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары мәлімдеді. Дархан Ахмедиевтің айтуынша, бұған министрліктің саланы цифрландыруы себеп. Былтырғы мобилизация процесінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция жасалды. Соның арқасында мерзімді қызметке шақыртудан босатылуы немесе кейінге шегерілуі керек азаматтар автоматты түрде анықталған.

Дархан Ахмедиев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

- Алдыңғы жылдары біз шақыру билетін, повестканы барлық ер азаматтарға жіберетінбіз. Сондықтан азаматтар бізге анықтамаларын алып келіп өзінің студент екенін немесе инвалидтігі бар екенін дәлелдеуі қажет тұғын. Алайда алдыңғы жылдың ортасынан бастап біз бұл процесті автоматтандырдық.