Қазақстан армиясы ұшқышсыз басқарылатын аппараттарға көшіп жатыр
Қазақ әскері біртіндеп ұшқышсыз басқарылатын аппараттармен қамтылып, цифрландырылып жатыр.
Мысалы елордадағы 68665 әскери бөлімі бірнеше дронмен жабдықталған. Қазір оларды барлаушылар өз пайдасына жарату үшін басқару тетіктерін меңгеріп, симулятор арқылы жаппай үйреніп жатыр. Яғни заманауи құрылғылар арқылы әуеден жаудың орналасқан нүктесін анықтап, бақылауға болады. Тіпті қарсыластың техникасын бомбалайтын қабілеті бар.
Сұлтан Амангелді, автоматтандырылған басқару жүйесі бөлімінің офицері:
- Көріп тұрғаныңыздай, бұл класты БПЛА класс дейміз. Бұл жерде біз бөлімдегі әскери қызметшілерді дрон ұшыруға үйретеміз симулятор арқылы. Симулятор дегеніміз яғни джостикті компьютерге қосамыз БПЛА управлениесін. Сонымен біз бірінші дрон ұшырмай тұрып, әрқалай этаптан, турдан өткіземіз. Яғни дрон камикадзе, дрон барлаушы, дрон көретін яғни яғни объектілерді тексеретін.