СҚО-да лудоман борышкерлер анықталды
Лудоман борышкерлер.
Солтүстік Қазақстан облысында баласына алимент төлеуден жалтарып жүрген 40 ата-ана құмар ойынға батып кеткен. Дені әкелер. Бұл туралы прокурорлар мәлімдеді. Олардың айтуынша, бір адам баласына қарыз бола тұра букмерлік кеңседе 50 млн теңгесінен айырылып қалған. Енді оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Борышкер екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жалпы облыс бойынша алимент қарызы 250 млн теңгеге жеткен. Прокурорлар такси қызметі арқылы пайда табатын борышкерлерді де анықтады.
Әбу - Әли Саттар, облыс прокурорының бірінші орынбасары:
- Өкінішке орай, кейбір ата-аналар балаларына қарыз бола тұрып, құмар ойын ойнайды. Облыс бойынша олар 500 млн теңге ұтылып қалған. Жұмыс істемейді. Істесе де, пайда табысын жасырады.