Прокурорлар болашақ заңгерлерге дәріс оқыды

Прокурорлар Астана мен Алматыдағы жоғары оқу орындарында болашақ заңгерлермен кездесіп, студенттерге дәріс оқыды.

Бүгін елордада Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінде "болашақ прокурор кеңістігі" ашылды. Салтанатты іс-шара шеңберінде Бас Прокуратура өкілдері жергілікті кітапханаға 130-ға жуық оқулық тапсырды. Арнайы бұрыштан орын тапқан жиынтық ішінде сала тарихы, белгілі заңгерлер мен көрнекті қайраткерлердің өмірі және қызметі, құқықтану туралы кітаптар мен журналдар қойылған.

Аида Әнуар, ҚР Бас прокуратурасының кадрлық жұмыс департаментінің бастығы:

- Заңгер мамандығын алған адам Прокуратура ішінде қандай салада жұмыс істегісі келеді. Жалпы қадағалауда ма, қылмыстық салада ма, азаматтық салада ма, сол салалармен таныстырып, мол мағлұмат алып өзінің өмір жолына жоспар құруға тигізеді деп ойлаймын. 

Арман Пірзадаев, M. Narikbayev University Басқарма төрағасының орынбасары:

- Тек қана кітапханада орналасқан әдебиеттер емес, сонымен қатар QR-код арқылы басқа да прокуратура қызметі туралы толық ақпарат ала алады. Жалпы қазіргі таңда университетіміздің әрбір бесінші түлегі прокуратура жүйесінде қызмет атқарады деп толықтай мақтанышпен айта аламыз.