Әскери кафедралар студенттерді даярлау бағдарламаларын қайта қарайды

Елдегі әскери кафедралар офицерлер мен запастағы сержанттарды даярлау бағдарламаларын қайта қарайды, деп хабарлайды 24KZ. Жаңа бағдарламада Қарулы Күштердің ұсыныстары ескерілуі тиіс. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жауапты сала өкілдеріне осындай тапсырма берді.

Қорғаныс министрлігінің мамандары білім беру ұйымдарындағы әскери дайындықты тексеріп, талдайтын болады. Сондай-ақ әскери кафедраларда қажетті мамандықтарға запастағы жауынгерлер оқытылады. Қазір елдегі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 41 әскери кафедра жұмыс істейді. Онда 15 мыңға жуық студент дайындықтан өтіп жатыр.

Мұрат Олжабаев, ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы:

- Бүгінгі жиынның басты мақсаты – қордағы әскери офицерлер мен сержанттарды дайындауды қарастыру. Әскери кафедралардағы офицерлердің дайындық сапасын арттыру және дүниежүзінде болып жатқан соғыс пен қақтығыстарға байланысты дайындау бағдарламарына өзгерістер енгізу.