Орталық Азия елдері жемқорлыққа қарсы күш біріктірмек

Орталық Азия елдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күш біріктірмек.  Елордада БҰҰ-ның конвенциясын Орталық Азияда іске асыруға арналған халықаралық конференциясы өтті. Жиынға Гонконг, Қатар, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Оңтүстік Кореяның жемқорлыққа қарсы ведомство өкілдері қатысты.

Олар активтерді қайтару, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау, жемқорлықтың алдын алу және осы салаға цифрлық технологияларды енгізу бойынша тәжірибе алмасты.

Айнұр Сәбитова, ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары:

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы заңсыз әрекеттермен белсенді түрде күресіп келеді. Біздің мақсатымыз – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру. Олар қоғамның қозғаушы күші саналады.  Қазіргі жас ұрпаққа «жемқорлық» сөзі – жат ұғым. Бүгінде білікті де білімді ұл-қыздарымыз еліміздің дамып, өркендеуіне барынша үлес қосып жатыр. Әрине, бұл – қуантарлық жайт.