Маңғыстауда «Отпан» жобасы бастау алды
Маңғыстау облысында тірек мектептер желісі құрыла бастады.
Өңірдегі блім беру жүйесін жаңғырту мақстанда «Отпан» жобасы қолға алынған еді. Бағдарлама аясында, Назарбев Зияткерлік мектептері және Білім-инновация лицейлері өз тәжірибелерімен бөліседі. Жобаға 50 мектеп енді. Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова жобаға енген мектептердің тыныс-тіршілігімен танысты. Облыс орталығындағы білім ошақтарының материалдық-техникалық базасы біршама күшейтілген. Ал оқу сапасын арттыру үшін зияткерлік мектептер мен лицейлердің үздік тәжірибелері қолданылады.
Тамара Дүйсенова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
- Біріншіден, облыстық әкімдік толық күрделі жөндеуден өткізді. Екіншіден, бизнес ұйымда осы мектептерге өте жақсы физикалық-биологиялық пәндік кабинеттерді берді. Енді мұғалімдерге білім сапасын көтеруге өте жақсы мүмкіндік туып жатыр.
Жобаға қатысып жатқан мектептерде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қажетті оқу құралдары демеушілерердің көмегімен алынды. Елдің үздік мектептері әдістемелік қолдау көрсетті. Нәтижесінде білім ордаларында заманауи талапқа сай жарақталған сыныптар, STEM зертханалары мен робототехника кабинеттері ашылды. Оған қоса Арт және телестудиялар жұмыс істейді.
Замира Орынбаева, педагог:
- Бұрын бізде кейбір көрнекі құралдар бар болса қазіргісі кеңінен балаларға қолдануға сыныптан, қол морорикасын дамытуға, логика жағынан ойлауға көп көмегін тигізеді. Балалар қуана сабаққа келеді. Ата-аналардың да көңілдері толып мәз болып жатыр.
Жобаны білім беру саласын тұрақты дамыту қоры жүзеге асырып жатыр. Ал шығындардың басым бөлігі кәсіпкерлердің демеушілік көмегі арқылы өтелді.
Айбек Боршанов, демеуші компанияның өкілі:
- Отпан сияқты жобаларды қорғау арқылы біз келешекке қажетті білікті мамандарды тәрбиелеуге үлес қосып, қолайлы жағдай жасаудамыз. Білім беру мекемелерін жаңғырту, мектептердегі кәсіби деңгейді арттыру балалардың сапалы білім алуына кепіл болмақ. Біз осы игі бастаманың бір бөлшегі болуға және Қазақстанның интеллектуалды әулетті ел болуына үлес қосқанымызға қуаныштымыз.
Жазира Асанова, «Отпан» жобасының менеджері:
- Тек қана барлығын қойып одан кейін мұғалімдерді оқытып қана қоймай, жыл бойы сүйемелдейміз. Бір қауымдастық ретінде қарастырамыз.
Жобаны іске асыру мерзімі екі жыл, қосымша тағы бір жыл аясында педагогтердің білімін жетілдіретін болады. Бағдарлама аясында 60 мыңнан астам оқушы жаңа білім беру жүйесіне көшеді. Ал 7 мыңға жуық мұғалім оқыту курстарынан өтеді. Тамара Дүйсенова аталаған жобаны жергілікті атқарушы органдарға жүйелі түрде жүзеге асыруды тапсырды.
Дильназ Тұрғазыева, Тамара Степанова, Саламат Бекбаев