Алматы облысында әйнектен көпір салынады

Алматы облысының Кеген ауданындағы Қара шатқалға алдағы уақытта әйнектен аспалы көпір салынады.

Ел аузында Көртоғай аталып кеткен бұл жер Көлсай көлдеріне апаратын күре жолдың бойында орналасқан. Биылғы жылдың 9 айында Көлсай мен Қайыңдыға 400 мыңға жуық турист келсе, демалушылардың біразы Қара шатқалды тамашалау үшін осы араға аялдаған. Сол себепті жергілікті бюджеттен 60 млн теңге бөлініп, онда электр желісі тартылды. Инвесторлар шатқалға шыны көпір, ойын сауық алаңдарын, мейрамхана мен қонақ үй және глэмпингтер салуды жосапарлар отыр. Жалпы құны 2 млрд теңге болатын бұл жоба 2025 жылдың төртінші тоқсанында толық жүзеге асады.

Сырым Көлбаев, жоба құрылтайшысы:

- Палаточный қалашық, 3 коттедж, 3 ресторан болады. Мынау өзіміздің қазақы салт-дәстүрімізді көрсетеміз. Оның осы 5,5 гектардың ішінде және қосымша мынау экстрималды туризмді жақсы көретін адамдарға аспалы көпір салынады. Сондықтан шетелден келген кісілерге 2-3 күндік былай айтқанда турлар дайындауға дайынбыз.