Ауыл шаруашылығын дамыту – маңызды міндет

Дақыл өсіріп, талай елді жарылқағымыз келгенімен, сырттан да алатын тауар аз емес.

Ал импорттың көлемін азайтып, ел экономикасын дамыту үшін ауылшаруашылығы саласына жан бітіру маңызды. Мәселен, тұқым импорты осыдан алты жыл бұрын 57 мың тоннаны құраса, биыл 270 мың тоннаға жеткен. Аграрлық саладағы шешілмей келе жатқан түйткілдер туралы әріптесім Дильназ Тұрғазыева жалғастырады. Дильназ, кеш жарық. ................Тұқым шаруашылығын мемлекет тарапынан субсидиялауда кемшін тұстар бар. Осы олқылықтарды реттеу үшін қандай жобалар қолға алынып жатыр?

Биыл тұқым шаруашылығын субсидиялау жүйесін реформалауға баса көңіл бөлінбек. Алдағы үш жылда дақылдардың 108 жаңа сорты мен будандарын жасау және ғылыми орталықтармен бірлескен жұмысты жолға қою жоспарланып отыр. Жыл сайын ел аумағында ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін 23,3 млн га алқапқа 2, 4 млн тонна тұқым керек.

Графика: Бүгінде тұқым қажеттілігінің 400 мың тоннасы аттестатталған өндірушілер арқылы, 260 мыңы импорт есебінен және қалған 1,74 млн тоннасын отандық ауыл шаруашылығы өндірісі қамтып отыр. 

Елдегі тұқыммен қамту көрсеткіші

Аттестатталған өндірушілер арқылы – 400 мың тонна

Импорт есебінен – 260 мың тонна

Отандық тұқым өндірушілер есебінен – 1,74 млн тонна

Ермек Кенжеханұлы, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

08:50 Бұл ретте майлы дақылдардың жекелеген түрлері бойынша, оның ішінде күнбағыс 67, рапс он пайызға, мақсары он екі пайызға қамтамасыз етудің төмен пайызы. Сонымен қатар, көкөніс дақылдары және қант қызылшасы бойынша бүгінгі күні сегіз пайызды құрап отыр. 

Салаға субсидия тиісті мөлшерде бөлінбегендіктен жыл сайын 4-5 млрд теңге көлемінде қаржы тапшылығы пайда болады. Мұны министрлік өкілдері де растап отыр. Былтыр субсидия мөлшері 25-тен 50 пайызға дейін ұлғайтылғанын. Алайда, мәселе әлі күнге дейін шешімін таппады. Ауыл шаруашылығы вице-министрі саладағы негізгі түйткілдерге тоқталды.

Ермек Кенжеханұлы, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

- Біріншіден, тұқым импортының жылдан жылға өсуі. Егер 2018 жылы 57 мың тоннаны құрайтын болса, қазір 270 мың тоннаға жетіп отыр. Тұқым шаруашылығын субсидиялау бағдарламасын қаржыландырудың жетілмегендігі және жеткіліксіз көлемі бұл да біздің негізгі проблеманың бірі болып отыр. Сонымен қатар тұқым шаруашылығы субъектілерінің ашық болмауы. 

2028 жылға дейін отандық селекция тұқымының үлесін 78 пайызға дейін арттыру қолға алынған. Кешенді жоспарды жүзеге асыруда жұмсалатын жалпы шығын көлемі 63,4 млрд теңгені құрайды.

Графика:Қазақстан аумағы 200 миллион гектардан астам ауыл шаруашылығы алқабымен әлемде алтыншы орында тұр. Оның ішінде егістік жерлер – 35 млн гектар, тыңайған жерлер – 13 млн гектар.

ЖАРАМДЫ ЖЕР ҚОРЫ

Ауыл шаруашылығы алқабы – 217 млн гектар

Егістік жерлер – 35 млн га

Тыңайған жерлер – 13 млн га

Импортты айттық, енді экспортқа ойысайық. Қазіргі уақытта отандық өнім әлемнің 80-нен астам еліне экспортталады. Қазақстан құны 19,5 млн доллар болатын ауылшаруашылық өнімін сыртқа шығарады. Қазір бұл бағытта Азық-түлік корпорациясы  Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай елдерімен келісімшартқа қол қойды. Жалпы, елде отандық өнімдердерді шетел нарығынына шығару бағытында кешенді жұмыс жүріп жатыр. Мәселен, бір ғана Иранға 150 мың тонна арпа жіберілген. Ал 10 айда шаруалар 2 млн тоннадан астам астық сатқан. Бұл былтырмен салыстырғанда 40 пайызға көп. Қазақстан шетелдік инвесторлардың қатысуымен агроөнеркәсіп кешенінде 5 млрд доллардың жобаларын іске асырады. Бұл туралы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-шы пленарлық отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Мал шаруашылығындағы статистикалық деректерге тоқтала кетсек. Өнімдердің жалпы шығарылымы 3 млн 173 мың теңгені құрайды. Жыл басынан бері елде 1 млн 147 мың тонна мал мен құс сойылған. 2 млн 477 мың тонна сиыр сүті және – 2 млн 977 мың дана жұмыртқа шығарылған.

Ұлттық статистика бюросының дерегі

Экспортталған өнім көлемі – 3  млн 173 мың теңге

Мал мен құстың шаруашылықта сойылғаны – 1 млн 147 мың тонна

Сиыр сүті – 2 млн 477 мың тонна

Жұмыртқа – 2 млн 977 мың дана 

Қытайлық инвесторлар Қазақстанда дәнді дақылдарды терең өңдеу жобаларын қолға алмақ. Тың бастаманы жүзеге асыру үшін өңірлерде арнайы кәсіпорындар салынады. Әсіресе, жүгеріден жасалатын тиамулин мен тағамдық қоспалар өндірісіне ерекше назар аударылды.

Ержан Елекеев, "Kazakh Invest" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы:

- Бұл мал шаруашылығында қолданылатын танымал дәрі. Кейіннен өнімді әлемдік нарыққа, оның ішінде Қытайға экспорттау жоспарлануда. Оған қоса біз астықты терең өңдеумен айналысатын компаниямен де келістік. Мекеме басшылығы Ақмола облысында түрлі тағамдық қоспалар шығаратын кәсіпорын салуды көздеп отыр. Инвестиция сомасын қытай тарапы 650 млн доллар көлемінде бағалады. 

Былтыр тамақ өндірісінің негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 3,9 пайызға өсіп, 151 млрд теңгеге жеткен еді. Ал мал шаруашылығы өнімі 187 млн доллардан асқан. Әрине жаман көрсеткіш емес. Бірақ оны екі есе көбейтуге болады,- дейді мамандар. Иә, ауыл шаруашылығында атқарар шаруа шаш етектен. Салада қордаланған мәселе жетерлік.