Абай облысында үш тәулікте 700-ге жуық адам жол ережесін бұзды
Абай облысында үш тәулікте жол ережесін бұзған 700-ге жуық тұрғын ұсталды.
Оның жетеуі көлікті мас күйінде басқарған. Сондай-ақ жауапқа тартылғандардың басым бөлігі жылдамдықты асырып, жаяу жүргіншілерге жол бермегендер. 180 адам белгіленбеген жерден өткені үшін, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Балаларды көлікке арнайы орын-дықсыз отырғызғандарға да хаттама толтырылды. Жалпы Семейде жол апаты екі есе көбейіп отыр. Жыл басынан бері 500-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген.
Ержан Ақбаев, Абай облысы ПД ЖПҚ Басқармасы басшысының орынбасары:
- Отыз төрт жағдай жаяу жүргіншілерге жол бермеу. 9 жағдай мемлекеттік тіркеу номері жоқ көлік құралын басқару. Аталған құқық бұзушылықтарға жол берген барлық жүргізушілермен жаяу жүргіншілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.