Түркістанда еңбек мобильділігі орталығы ашылды

Бұдан былай облыс орталығында мигранттар мен Ұлыбритания, Катар, Оңтүстік Корея елдерінен жұмыс іздеушілерге ақпараттық қызмет көрсетіліп, қажетті білім беріледі.

Сонымен қатар олардың құқығын қорғау, әлеуметтік қолдау жұмыстары күшейтіледі. Нысанның ашылуына арнайы барған Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Лич, Ұлыбританияда жұмыс істегісі келетіндерге жан-жақты көмек көрсетілетінін айтты. Ол үшін жаңа орталықта сенім телефонын іске қосуға, жедел желі операторларымен қамтылуына қаржылай қолдау көрсеткен. Сондай-ақ қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуге қаржы бөлді. Айта кетейік, соңғы жылдары Қазақстан азаматтары Ұлыбританияда маусымдық жұмыс істеу үшін визаға көптеп өтініш берген.

Кэти Лич, Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі:

- Жұмысшылар саны артып келеді. Олар адал еңбек етіп, нәтижелі қызмет көрсетуде. Осы орайда ІІМ-не олардың аман-есен елге оралуы маңызды екенін айтқым келеді. Сондықтан біз осы жоба арқылы халыққа кеңінен ақпарат беріп, қолдау көрсетуді мақсат еттік. Өйткені өкінішке қарай, қоғамда алаяқтар да кездеседі.