Ақтауда «Өрт сөндіру көлігіне жол бер» акциясы өтті

Рейд кезінде арнайы көлікті өткізбеген 5 жүргізушінің әрқайсысына 25 мың теңге айыппұл салынды.

Тағы төрт адамға ескерту берілді. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуынша, қалада мұндай жағдай көп тіркеледі. Көмекке асыққандарға жол ережесін сақтамайтын жүргізушілер және тұраққа  дұрыс қойылмаған көліктер кедергі келтіреді.  Оның алдын алу үшін полицейлер мен өрт сөндірушілер бірлескен рейд шараларын жылына төрт рет өткізеді.  

Қобылан Есіркепов, мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері:

- Қазіргі кезде ТҮК шлагбаумнан өту шлагбаумды ашып біздерге жол беру мәселесі орын алып жатыр. Қазіргі кезде облысымызда он айда 250 өрт оқиғасы тіркелді.