Елдегі су қоймалары келесі маусымға дайын ба?

Ондағы су мөлшері қанша? Су ресурстары және ирригация министрлігінің хабарлауынша, елдің оңтүстік облыстарының су қоймалары 55%-ке толы. Бұл былтырғы көрсеткіштен 23%-ке артық.

Ал солтүстіктегі су қоймалары 79%-ке толса, батыс облыстардағы су қоймаларының орташа су жинау көлемі – 44%. Шығыстағы су қоймаларында 89% су болса, Орталық Қазақстандағы су қоймалары 85%-ке толы.