Ақшаны жылыстатуға қарсы жүйе мамандары арнайы дайындықтан өтеді
Алматыда ақшаны жылыстатуға қарсы жүйе мамандарын дайындау семинары басталды. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі Еуразиялық топқа мүше мемлекеттердің бағалаушылары арнайы дайындықтан өтеді.
Шараға Беларусь, Үндістан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан сынды елдердің 50-ге жуық өкіл, сондай-ақ Әзербайжан мен Сербия сарапшылары қатысып жатыр. Олар апта бойы өзара бағалау жүргізудің негізгі критерийлерін сарапқа салады.