Оралда алғашқы қар жауды
Ауа райын болжаушылар алдын ала ескерткенімен, көп адам табиғаттың бұлайша құбылуына дайын болмай шықты. Таң атысымен қалада үш жол-көлік оқиғасы тіркелді. Сол себепті коммуналдық кәсіпорындар күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті.
Жолдардың тазалығына жауапты коммуналдық кәсіпорын өкілі Арген Ғұбашевтің айтуынша, қар тазалау жұмыстарына 135 техника мен 300 адам жұмылдырылған.
Арген Ғұбашев, коммуналдық кәсіпорын өкілі:
- Қаладағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық техникамыз көшеге шығарылды. Орталықтағы даңғылдар күрелген соң олар өзге көшелер мен жеке секторда жұмысын жалғастырады. Жолға шашуға арналған 300 мың тоннадай тұз араласқан құмымыз да әзір тұр.