Әділет министрлігі: Елімізде цифрлық қызмет қарқын алды

Азаматтар «Цифрлық нотариат» жобасы шеңберіндегі қызметті нотариусқа бармай-ақ бейнеқоңырау арқылы онлайн форматта алып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Былтырдан бері ерлі-зайыптылардың 140 мыңға жуық цифрлық сенімхаты мен 48 мың келісімі рәсімделді. Бұл туралы Әділет министрінің орынбасары Бекболат Молдабеков Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз жиынында айтты. Вице-министр сондай-ақ «Цифрлық сот орындаушысы» жобасының артықшылығына тоқталды. Қызметтің бұл түрін пайдаланушылар жеке сот орындаушыларға айыппұл көлемінің 25%-ін қосымша төлеу міндетінен босатылады.

Бекболат Молдабеков, ҚР Әділет вице-министрі:

- Жеке сот орындаушы барлық есепшотты шектесе, робот нұсқасы борышкер қарызының көлеміне байланысты 1 банктік есепшотқа ғана шектеу қояды. Азаматтарға қолайлы болу үшін қарызды онлайн-төлеу қызметі де бар. Осылайша, адами фактор тамырына біржола балта шабылады.