БҚО-да 5000 абонент жарықсыз қалды
Батыс Қазақстан облысында қалың қар жауғаннан кейін бес мыңнан астам абонент жарықсыз қалды, деп хабарлайды 24kz.
Сонымен қатар екпінді жел салдарынан Теректі ауданының 6 елді мекеніндегі электр сымдары үзілді. Коммуналдық мекемелер күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, желі бойындағы ақауды шұғыл қалпына келтіруге кірісті. Қазір Оралдағы үйлерге біртіндеп жарық беріле бастады. Апатты бүгіннен қалдырмай жою жоспарланған.
Тілек Харин. Аймақтық электр желісі компаниясының өкілі:
- Қазір 30 бригада жұмыс істесе, шамамен 150 адамдай жұмыс істеп жатыр облыс бойынша. Қаланың ішінде қазір соңғы хабарда 6 бригада жұмыс істеп жатыр 6 жерде.