Алматыда жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру қатаңдатылды

Алматыда көлік жүргізу куәлігіне теориялық емтихан тапсыру талабы қатаңдатылды.

Бұдан былай үміткер екі факторлы аутентификациядан өтеді. Әр адам өзінің жеке басын СМС хабарлама арқылы және биометриялық жүйемен растайды. Содан кейін ғана емтихан тапсырады. Мұндай жаңашылдық саладағы алаяқтықты жойып, бөтен адамның араласуына жол бермейді. Алматыдағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Әсет Тұрғымбаевтың айтуынша, қазір емтихан тапсыратындардың 60 пайызы тесттен сүрінбей өтеді. Екі факторлы растау жүйесі жол апатын азайтуға да септігін тигізуі тиіс.

Әсет Тұрғымбаев, қалалық мамандандырылған ХҚКО басшысы:

- Сол хабарламада өзіңіз екеніңізді дәлелдеу үшін растау кодын басасыз. 212, 214 деген бойынша, егер сіз өзіңізді растайтын болсаңыз 512-ні басасыз. Содан кейін бізде теория сыныбына кірген кезде қай компьютерге отыратыныңыз сол жерде белгілі болады. Оған дейін сіздің қай компьютерге отыратыныңыз белгісіз.