Шығыста қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері сотталды

Шығыс Қазақстан облысында қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері сотталды.

№17 мекеме бастығының бұрынғы орынбасары мен аға инспектор тұрғын үй комиссиясына жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы әдейі жалған мәліметтер беріп, 6 млн теңгеге жуық қаражат иемденген. Өскемен қалалық сотының үкімімен олар кінәлі деп танылды.

Данияр Бигайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- Оларға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды. Сотталған әділет майоры мен лейтенант арнайы атақтарынан айырылды.