Алматы облысында шалғай ауылдардағы жолдар жөнделіп жатыр
Алматы облысының Кеген ауданындағы 14 елді мекенде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Соның бірі Аспантаулар аясындағы Ұзынбұлақ ауылы. Мұнда 14 көшеге орташа жөндеу жасалды. Кеген мен Райымбек ауданының аумағында ұзындығы 300 шақырымдай республикалық маңызы бар тасжол бар. Кейінгі бес жылда соның үштен бір бөлігі күрделі және орташа жөндеуден өтті. Сонымен қатар алдағы жылы Көлсай көлдеріне апаратын «Көкпек-Күрметі» жолының 18 шақырымын орташа жөндеу қарастырылып отыр.
Жанат Өтепбергенов, «Қазавтожол» ҰК» АҚ ОФ бөлім басшысы:
- Райымбек ауданына көшетін болсақ, ол жерде республикалық маңызы бар бір жол бар. Ол «Кеген – Нарынқол» жолы. Оның биылғы жылы 74 - 89 шақырымы аралығындағы орташа жөндеу жұмыстарын аяқтағалы отырмыз. Бірақ келесі жылы қалған 74 шақырымын біз аталған орташа жөндеу жұмыстарымен аяқтайтын боламыз.