Жұмыс істейтін зейнеткерлерді зейнетақыдан айыру бастамасы ұсынылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс істеп жүрген зейнеткерлерді зейнетақыдан айыру бастамасын ұсынды. «Алайда мұның салдары қоғамға үлкен қарама-қайшылық әкелуі мүмкін», – дейді мәжілісмен Айдос Сарым. Ол өзінің депутаттық сауалында жоғарыда айтылған ұсынысты қатаң сынға алып, көптеген салада білікті мамандардың тапшылығына себеп болады деді.
Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Мамандар арасындағы жас айырмашылығы тым алшақ болған сайын еңбек нарығында қосымша тәуекел көбейеді. Бұл мәселе елімізде білікті кадр дайындауда үлкен реформалар қажет екенін көрсетіп отыр. Одан қалды буындар арасында алауыздық пен эйджизм белгілерін тудырады. Еңбекке жарамды зейнеткерлер жастардың «нанын тартып жеуде» деген уәж еш шындыққа жанаспайды.