Сарандағы істен шыққан қазандық қарашаның соңына дейін толық жөнделеді

Бұл туралы өңір басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Ермағанбет Бөлекпаевтың айтуынша, кәсіпорынды іске қосу кезінде жабдықтардан ақау шыққан. Қазір бұл апаттың салдарын жою бойынша жұмыс жүріп жатыр.

Ермағанбет Бөлекпаев, Қарағанды облысының әкімі:

- Сатып алынған жаңа сорғылардың қуаты сәйкес келмеді. Соны анықтағанша жылу беруден кемшілік шықты. Қазір ол ауыстырылды, екі қазандық істеп тұр. Ол қазандықтардың біреуі қазір қалаға жылу беріп тұр. 113 үйге. Қазір енді үшінші мен төртінші қазандықтарды қараша айында бітіреміз.