«Қызылорда – Сексеуіл» жолы кеңейтіледі

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолының Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысына дейінгі бөлігінде жол апаттары жиілеп кетті. Оның басты себебі қос жолақты халықаралық автобан бойында көлік нөпірі еселеп артқан. Бір-бірінен басып озбақ болған жүргізушілер қарсы бетке шығуға мәжбүр. Оның салдары ауыр қайғыға әкеп соқтырып жатыр.

Осыған байланысты «Қызылорда – Сексеуіл» жолын төрт жолақты етіп кеңейту үшін техника экономикалық негіздеме жасалып жатыр. Мамандардың айтуынша, екі түрлі жоба ұсынылып отыр. Біріншісі – бұрынғы автобанның енін кеңейту. Екіншісі – Қызылорда қаласының солтүстік бағытынан Қармақшы ауданына дейін жаңадан төрт жолақты жол салу. «Күрежолдың бойында егіндік жерлер мен көпірлердің көп болуына байланысты Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандарын айналып өтетін жол құрылысы көзделіп отыр», – дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жәнібек Сыздықов.

Жәнібек Сыздықов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Жоба бойынша негізгі біздің үш ауданымыз – Сырдария, Жалағаш, Қармақшы ауданының солтүстік шығыс бойынша жасау бойынша қоғамдық тыңдалымдар өтті. Қазіргі кезде Арал – Қазалы ауданы бойынша өткізіліп жатыр. Жоба техникалық экономикалық негіздемесі осы жыл соңына дейін экспертизаға кіру жоспарланып отыр. Көп халықтың сұранысы бойынша, атап отқанымыздай, солтүстік-батыстан солтүстік-шығыс жағынан жүру көзделіп отыр.