Жол апатынан зардап шеккендерге өтемақы беріледі
Сақтандыру компаниялары мүліктік шығынмен қатар жолаушылардың денсаулығына келген залалды да өтеуге міндетті.
Дегенмен, жұрттың дені бұдан хабарсыз.
Шернияз Жалғасбекұлы, тілші:
- Апат айтып келмейді. Алайда алда-жалда темір тұлпарыңыз сүрініп, соқтығысып қалсаңыз, сақтандырушы компания көлік шығынымен қатар адамдардың денсаулығына келген залал үшін өтемақы беруге міндетті. Мәселен, жолаушы жол үстінде жан тәсілім етсе, 7,3 млн теңге төленеді. Жарақат алып, мүгедек болып қалса, 1,8 млн-нан 6 млн-ға дейін өтемақы беріледі. Сондай-ақ зардап шеккен жан ем-домға кеткен шығын үшін 300 АЕК көлемінде қаржы ала алады.
Ернар Тлеубергенов, сақтандыру компаниясының бас маманы:
- Бұл заң 2003 жылдың шілде айынан бастап қолданыста. Көп адамдар жәбірленушілер мүлік шығыны бойынша ғана жүгінеді де, ал денсаулығы бойынша ұмытылып қалып жатады. 2018 бері парақ жүзінде болды да сақтандыру, соның артында бүкіл ережелері, көлемдері болды, жазылып тұрды. Қазір енді электронды нұсқаға көшкендіктен, көбісі оқымай жатады, жүктемей жатады интернетке.
Бұл мезіреттер міндетті сақтандыру негізінде төленеді. Ал темір тұлпарыңызды ерікті түрді сақтандырған болсаңыз, тіпті табиғи апаттар кезінде де шығындар есептеліп, өтеледі.
Ернар Тілеубергенов, сақтандыру компаниясының бас маманы:
- Ерікті сақтандыру бойынша табиғи апаттар, машинаның көліктің өртеніп кеткеніне байланысты, біреу ұрлауына байланысты біз шығынды өтеп береміз. Өзіңіз білетіндей, осы Астана қаласында 8 тамыз күні болған жауған бұршақтар бойынша шығын келді көп азаматқа. Мыңға жуық адам жүгінді біздің сақтандыру компаниясына.
Ал бас-аяғы жыл басынан бері 23 мың жол апаты тіркелді. Салдарынан 30 мың жан мертігіп, 2 мың жолаушы мерт болды.
Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі:
- Жол апатының 95%-і жүргізушілердің қарапайым қағидаларды сақтамау салдарынан болып жатады. Бұларды болдырмау үшін де цирфлық шешімдер еңгізілді. Қазіргі таңда 25 мыңға жуық автоматты түрде тіркеу жүйелері бар ҚР бойынша елді мекендердің ішінде. Себебі талдауға сүйенетін болсақ, осы елді мекендерде болатын жол апатының 4/1-і – жаяу жүргізушілерді қағып кету. Себебі жаяу жүргіншілер өз кезегінде жол жүру ережесін сақтамайды.
Тасжолдардағы трагедияға тоқтау болмай тұр. Сақтандырылған мүлек өтелер, дегенмен, мертігіп, мерт болғандар үшін қанша қаржы берілсе де, қайғының орны толмасы белгілі.
Авторы: Шернияз Жалғасбекұлы