Елордада қатты желден қала инфрақұрылымына зақым келіп жатыр

Астанадағы қатты жел салдарынан қаланың инфрақұрылымына зақым келіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Түнде ол тұрғын үйлердің бірінде ауладағы күркені ұшырып әкетті. Үрейленген тұрғындар әлеуметтік желіде өздері түсірген кадрлармен бөлісті.

«Алайда зардап шеккендер жоқ», - дейді пікір жазушылар. Бұған қоса, Тәуелсіздік көшесі бойындағы ғимарат қасбетінің бір бөлігі жұлынып, автокөлікке құлаған. Салдарынан оның әйнегі сынды. Сондай-ақ қатты жел аялдамалар мен үйлердің шатырын ұшырып жатыр. Мамандар тұрғындарды мүмкіндігінше үйде отыруға шақырады және сыртта абай болуды ескертеді.