Әділет министрлігі: Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Әділет министрлігі алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын айтып, ел азаматтарын қырағы болуға шақырды, деп хабарлайды 24kz.
Бұл жолы алаяқтар мүліктің бұғатталғаны туралы жалған хабарлама таратып, азаматтардан қарыздарын өтеуді талап етіп жүр. Мұндай хабарлама келген жағдайда Әділет министрлігі атқарушылық іс жүргізудің ақпараттық жүйесіне кіріп, жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы ақпараттың рас немесе жалғандығын тексеріп алуды сұрайды. Министрлік тек ресми дерек көздерінен алынған мәліметтерге ғана сенуді және дербес деректерді танымайтын бөтен тұлғаға және күмәнді интернет-ресурстарға бермеуді ескертеді.