«Бурабай» ұлттық паркінде биыл алғаш рет өрт болған жоқ
«Бурабай» ұлттық паркінде 15 жылда биыл алғаш рет өрт тіркелмеді.
Бұл туралы Мемлекеттік парктің баспасөз қызметі мәлімдеді. 4 қарашадан бастап орман қоры аумағындағы өрт қауіптілігі жоғары кезең ресми түрде аяқталған екен. Айта кету керек, Бурабай табиғи байлықты өрттен сақтау үшін Smart National Рагк Burabay цифрлық мониторинг жүйесін пайдаланатын еліміздегі жалғыз парк. Бұл «ақылды» жүйе іске қосылғаннан бері тілсіз жаудан келетін залал едәуір азайған. Ал өрт қаупі күшейген маусымда жедел басқару орталығының 9 қызметкері Smart-жүйенің камералары мен сигналдарын бақылай отырып, тәулік бойы жұмыс істеген екен.