Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық қылмысы азайған.

Тек ішкі істер органдарында былтырмен салыстырғанда сәл өсу бар.Бұл туралы аймақта өткен «Amanat» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің отырысында айтылды. Жиынға республикалық кеңестің төрағасы Ерлан Сайыров, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, кеңес мүшелері мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мен прокурорлар қатысты.

Ақтөбе облысында биылғы жылдың  9 айында сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша 46 қылмыстық іс тіркелген. Былтыр  58 болатын. Негізінен құқық қорғау органдары, құрылыс және ТҮКШ, жер қатынастары салалары назарда. Облыс басшысы өңірде «көз қысты, бармақ басты» әрекеттерді алдын алуға бағытталған жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті. 

Асхат Шахаров, облыс әкімі:

- Жергілікті жемқорлыққа қарсы департамент бірнеше бағыты бойынша жыл басынан бастап өз тексерістерін жүргізді. Нәтижесінде кемшіліктерді алдын алу бойынша 63 ұсыныс, оның ішінде 30-ы орындалды. Нәтижесінде 6 лауазымды тұлғалар тиісті шара қабылданды және екі тұлғаны біз қызметтен босатқан болатынбыз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық комиссия жыл басынан бері жүзден аса мәселені талқылаған. Лауазымды тұлғалар арасында тәртіп бұзушылықты алдын алуға бағытталған партияның жол картасы аясында 122 іс-шара өткен. 

Абзал Құспан, "Amanat" партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің мүшесі:

- Басқа тексеруші ұйымдардан ерекшілігі де сол бұл жерге келгендегі мақсат тексеріп, заңбұзушылықты анықтап, біреулерді жазалап, болмаса қызметінен алып ондай бір әрекеттерге бару емес. Бұл жерде кеңестің ең басты мақсаты аты айтып тұрғандай кемшіліктерді жою мақсатында кеңесуші ұйым былайша айтқанда.

Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүйелейтін «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасын іске асыру мәселелері талқыланды.

Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков, Айбек Даутов