Елде 4 млн-нан аса әйел жұмыспен қамтылған

Біздің елде 4 млн-нан астам әйел заты жұмыс істейді.

Бұл жалпы еңбек ететін халықтың 48 пайызы. Қыз-келіншектердің дені сауда және қызмет көрсету саласында жүр. Сондай-ақ, 32 пайызы білім, денсаулық, 14 пайызы өнеркәсіп пен құрылыс саласында, 9 пайызы ауыл шаруашылығында еңбек етеді.