Дропперлерден 62 млн теңге өндірілді

Шығыс Қазақстан облысында 83 адам дропперлер мен алаяқтарға алданып қалған.

Шығын көлемі 160 млн теңге. Құзырлы орган тарапынан 52 іс бойынша тексеріс жүріп, 62 миллион теңге өндірілді. Қалған шағымдар бойынша тергеу жалғасып жатыр. Мамандар оңай олжа табуға шақыратын хабарламадан сақ болуды ескертеді. Дропперлер ұрлаған ақшаны өз картасы арқылы өткізіп, делдалдық қызметі үшін ақы алады. Дегенмен кей жағдайда дроппер болған адам өзінің қылмыстық іске араласып жатқанын білмейді. «Ал алаяқтық операцияға қатысы бары дәлелденген жағдайда 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - дейді прокурорлар.

Фархат Қали, облыстық прокуратураның басқарма прокуроры:
- Егер де дропперлардың алаяқтық іске қатысы бар болғаны анықталса, олар әрдайым қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Ал қала тұрғындарына және азаматтарға  ондай схемадан аулақ болуға және де жеңіл табыс табудан аулақ болуға шақырамыз.