Мемлекет кірісіне қосымша 525 млрд теңге айналымға түсті

Бұл жайында Активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссия отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты.

Енді қомақты қаржы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады. Мысалы, Арқалық қаласында дарынды балаларға арналған 120 орындық спорт кешені бой көтереді. Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалту орталығы мен Алматыда мүгедектерге арналған 400 орындық жаттығу орталығының құрылысы да қайтарылған ақша есебінен салынады. Жалпы биыл комиссия қайтарған активтер бойынша 900 млрд теңгенің келісімі мақұлданды. «Бұл қаражатқа бірқатар әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр», - деді Олжас Бектенов.