Жетісу облысында есірткі жарнамалаған Telegram мессенджерлері бұғатталды

Жетісу облысында есірткі жарнамалап, оны сатумен айналысқан 30 Telegram арна мен сайт бұғатталды, деп хабарлайды 24kz.

Онда көбіне психотроптық заттар насихатталған. Жергілікті прокуратура көлеңкелі бизнесті әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізу арқылы анықтаған. Нәтижесінде «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы табылған есірткі алаңдары жабылды.