Каспий жағалауынан тағы 130 итбалықтың өлексесі табылды

Осылайша, бір айдан бері қырылған итбалық саны 700-ге жуықтады.

Бұл жолы инспекторлар Сайын Шапағатов ауылының маңындағы жағажайдан тапты. Көбі шіри бастаған. Айта кетсек, бұған дейін итбалықтардың өлексесі Түпқараған ауданындағы елді мекендер маңынан табылған болатын. 27-30 қазан аралығында инспекторлар Баутино ауылы жағажайынан 300-ден астам қырылып қалған итбалықты жойды. Ал қарашаның басында тағы 121 өлексе анықталды. Бірлескен жұмыс тобы зерттеген аналық итбалықтың көбі буаз болып шықты. Кейбірінің денесінен аудың ізі байқалған. Ағзасы және азу тістерінен алынған сынама қорытындысы әлі шыққан жоқ.