2030 жылға қарай электр энергиясы тапшы болады
Энергетика министрлігі осындай болжам жасап отыр.
Қуат көзінің қажеттілігі 6 гигаваттан асады. Айта кетейік, бүгінде елімізде 220 электр станциясы жұмыс істейді. Оның ішінде жалпы қуаты 2,8 гигаватт болатын 144 жаңартылатын энергия нысаны бар. Өткен жылы қосымша қуаттылығы 500 мегаваттқа жуық тағы 16 баламалы энергия көздері іске қосылды. Станция жабдықтарының тозу деңгейі 56 пайызды құрайды.