Cарапшылар қалаларды жарықтандырудың жаңа стандарттарын ұсынды
Қазақстандық сарапшылар қалаларды жарықтандырудың жаңа стандарттарын ұсынды, деп хабарлайды 24kz.
Астанада энергия тиімділігі және инновациялық шешімдер деп аталатын панельдік сессия өтті. Оған саланың жетекші мамандары мен «Қазақстан құрылысшылар одағының» өкілдері қатысты.
Сарапшылар: «Еліміздің қалаларына арнайы стиль жасауға көмектесетін бірыңғай үлгі қажет», - дейді. Құрылыс мердігерлері мен мемлекеттік органдар тарапы көше жарығына ерекше назар аударуы керек. Бұл шаһар келбетіне ғана емес, тұрғындардың қауіпсіздігіне де әсер етеді. Сондықтан жарықтандыруға қатысты «ақылды» шешімдер енгізу маңызды. Сәулет нысандарына түрлі-түсті жарық салу тиімсіз. Себебі, бұл көлік жүргізушілерін алаңдатуы мүмкін. Әрі электр қуатының жүктемесін арттырады.