World Class фитнес-клубтар желісінің Қазақстанда ашылғанына 20 жыл толды

World Class фитнес-клубтар желісінің Қазақстанда ашылғанына биыл 20 жыл толып отыр, деп хабарлайды 24kz.

1990 жылы негізі қаланған ресейлік бренд отандық нарыққа 2004 жылы келді. Алғашқы филиалы Астанада пайда болды. Кейін Ақтөбе, Атырау және Қарағанды қалаларында ашылды.

Мирлан Алтынбек, тілші:

- Қырықтың қырқасында салауатты өмір салтын қалт жібермей, берік ұстанып жүрген Жанар Шаяхметова елордадағы World Class фитнес-клубына барады. Соңғы 3 жыл бойы аптасына 6 рет жаттығады.

Жанар Шаяхметова, қала тұрғыны:

- Бұл клубтың сапасы өте жоғары. Себебі бұл клубтың атмосферасын біздің тренерлер жасайды.

Тұрақты келушілердің көш басын Салтанат Ерғалиева бастап тұр. Өйткені ол отбасымен бірге филиал ашылғаннан бері үздіксіз келіп жүр.

Салтанат Ерғалиева, қала тұрғыны:

- Жастау кезімде фитнес-клубқа дене пішінімді сақтаймын деген жалғыз мақсатпен келетін едім. Қазір басқа да тұрақты келушілермен жақын танысып, отбасымызбен дос болып кеттік.

Жоғары санаттағы әмбебап жаттықтырушы Диана Жақсылықованың айтуынша, жаттығушылар фитнес-клубқа келіп, ішкі күйзелісін басады. Көңіл-күйі көтеріледі.

Диана Жақсылықова, жаттықтырушы:

- Біліктілігімізді арттыру үшін анатомия, физиология, биомеханика бойынша ұдайы емтихан тапсырамыз. Оңтайлы бағдарлама кестесін құрамыз. Мұндағы әр жаттықтырушы дос та, психолог та бола алады.

World Class Astana фитнес клубына жас та, жасамыс та келе алады. Әр жасқа арналған спорттық бағдарламалар бар. Аквааэробика, бассейн, йога, би, стретчинг, бокс, гимнастика және кардиожаттығуларға дейін қамтылған.

Инна Учаева, World Class Astana фитнес-клубының басқарушысы:

- Мамандарымыз жыл сайын Мәскеуде аттестациядан өтеді. 40-тан астам топтық және жеке бағдарламалар бар. 20 жыл ішінде World Class Astana фитнес-клубында 10 мыңнан астам жаттықтырушы біліктілігін арттырып шықты.

Мұндағы бапкерлік құрамға ТМД аумағында да сұраныс жоғары. Жаңадан келген қызметкерлерге мансап жолымен өсу мүмкіндігі де беріледі. Бүгінде клубта 100-ден астам маман қызмет етеді.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Нұрғали Мамурбаев, Ислам Махамбет