Көкшетауда ескі үйлердің орнына жаңасы салынады
Көкшетау қаласында ескі үйлер бұзылып, орнына жаңа тұрғын үйлер салынады.
Облыста алғаш рет тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Қазір қаладағы 8 пәтерлі 6 үй сүріліп жатыр. Оның 50-ге жуық тұрғынына жаңа баспана беріледі немесе үйдің өтемақысы төленеді. Бұл үшін облыстық қазынадан 700 млн теңге бөлінді. Жалпы жергілікті билік облыс орталығындағы 11 шағын ауданды жаңғыртуды жоспарлайды. Нәтижесінде 800-ге жуық жеке және көпқабатты ескі үй сүріледі.
Азамат Байқуанышев, облыстық Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:
- Тұрғын үйлерді жаңғырту бұл алдымен қауіпсіздік кепілі. Өйткені сүріліп жатқан үйлердің көбі жарты ғасыр бұрын салынған. Ал жаңа үйлерге қалаға жаңа келбетке айналдырары сөзсіз. Біз алдағы уақытта осы баспаналардың аулаларын абаттандырып, көлік қоютын тұрақтарда жасаймыз. Балалар үшінде ойын алаңқайлары салынады.