Астанада алдын алу шараларының арқасында 248 адам өрттен құтқарылды

Жылу беру маусымы басталғалы өртке қарсы шаралар күшейтілді.

Құтқарушылар 100 мыңнан астам тұрғын үйді аралаған. Астанадағы рейд барысында көпбалалы отбасыларға, зейнеткерлерге, мүгедектерге және азаматтардың басқа да әлеуметтік осал топтарына ерекше көңіл бөлінді. Оларға жылыту жабдықтарын, пештер мен электр құралдарын пайдалану тәртібі айтылды. Пеш пен түтіндіктер тексерілді. Жалпы кейінгі үш-төрт жылда Төтенше жағдайлар министрлігінің ұсынысы бойынша үйлерге 107 мыңнан астам автономды датчиктер орнатылды. 

Ажар Рүстемова, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік өртті бақылау басқармасының бастығы:

- Астанамызда 30 мыңнан астам жеке тұрғын-үй болса, 15 мыңнан астамын біз аралап шықтық. Біріншіден, біз әрине, осал топтарды аралау жүргіздік. Осы осал топтарды аралағанда біз 600-ден астам көміртегі датчиктерін орнаттық. Әкімдіктердің көмектесуімен кейбір жанұяларға, жалпы Астана бойынша 33 пешті жөндедік және электр сымдарды қалпына келтірдік.