Қостанайлық оқушы компьютерлік бағдарламалау тілін қазақша сөйлетті
Қостанайдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Дәмір Сарбасов компютерлік бағдарламалау тілін қазақша сөйлетті.
Бұл - лингвистикалық бағдарламалау саласындағы отандық тұңғыш жоба. Оның ерекшелігі сол, мемлекеттік тілде кез келген бағдарламаны құрап, веб-сайттар ашуға мүмкіндік береді. Балаларға математикалық, логикалық есептерді шешу жолын жеңілдетеді. Жаңа жоба тәжірибе түрінде Қостанай қаласындағы мектептердің бірінде енгізілген.
Дәмір Сарбасов, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:
- Бұрында бағдарламалау үшін орыс немесе ағылшын тілін білу керек еді. Бірақ Қазақстанда мүлдем ағылшынша білмейтін адамдар көп. Сондықтан бұл ойлап тапқаным оларға бағдарламалауға бірінші қадам деп ойлаймын. Яғни қазақ мектептеріне бұл оңайырақ болады. Оған қоса, бағдарламалауды білетін адамдар бұл арқылы қазақ тілін біле алады. Себебі бұл жердегі барлық тіл қазақ грамматикасына сәйкес келеді.