Алматыда суға кеткен адамды құтқарған құтқарушының ерлігі ескерілді
Алматыда суға батқан баланы құтқарған Әлихан Жақсылықтың ерлігі ескерілді.
Ол Төтенше жағдайлар министрі атынан арнайы медальмен марапатталды. Оқиға 27 қазан күні Есентай өзенінде болған. 25 жастағы құтқарушының айтуынша, ол Алматыға жұмыс іздеп, өзен жағасымен өтіп бара жатқанда көмек сұраған балалардың даусын естіген. Бірінің өзенге құлап, ағын ағызып әкеткенін байқаған. Қас қағым сәтте темір қоршаудан секіріп, баланы жағаға алып шықты. Әлихан Жақсылық Қызылорда облысының тумасы. "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша білім алған.
Әлихан Жақсылық, Қызылорда облысының тұрғыны:
- Баланы шығарып алғаннан кейін аты-жөнін сұрап үлгермедім. Сол жерден ол бала үйіне қарай жүгірді. Менің білуімше сол жерде аяғы тайып кетіп, ойнап жүріп аяғы тайып кеткен секілді.