БҚО-да электр желісінің 80%-ы тозған
Батыс Қазақстан облысында электр желілерінің тозу көрсеткіші 80 пайызға жетті.
Соның кесірінен елдімекендерде жарық жиі сөніп қалады. Облыс орталығы мен Теректі ауданында электр жеткізу желісі істен шықты. Жөндеу жұмыстары жылда жүргізілгенімен нәтижесі шамалы. Ал өңірлік компанияның белгілеген тарифі қаржы мәселесін шешуге жеткіліксіз. Осыған байланысты жергілікті билік кешенді дамыту жоспарын әзірлеп, соған сәйкес биыл 600 шақырым электр желісін ауыстырды.
Бейімбет Мусин, Энергетика және ТҮКШ Басқармасы басшысының орынбасары:
- Қазір электр желілерін жаңарту бойынша 12 жобалық-сметалық құжат әзірленді. Бұл қазіргі 80 пайыздық көрсеткішті 62 пайызға дейін төмендетеді. Жобалар бойынша министрлікке келер жылы бюджеттік өтінім жолдаймыз.